Өзін-өзі бағалау

Өзін –өзі бағалау.

Біздің мектепке дейінгі шағын орталық!

 ЖШС «Гауһар» мектепке дейінгі шағын орталық – Шымкент қаласы, Тельман бөлімшесі, М. Маметова №29 үйде орналасқан.Ұйымның  жоба қуаттылығы – 75 бала. Жұмыс мерзімі: таңғы сағат 8.00 – кешкі 18.30-ға дейін. Жұмыс уақыты : 10 сағат 30 мин. Мектепке дейінгі шағын орталық аумағы әсемделген, өңделген, ағаштар, бұталы өсімдіктер егілген, аймақтарға бөлінген.Аймақтағы жабдықтар жөнделген, ағаштар, күркелербоялған. Әрбір топтың ойын  алаңшалары бар және қауіпсіздікшаралары қарастырылған. Жаңа оқу жылына балабақша жан-жақты дайындық  жасады. Әрбір топ жеке жататын бөлме және жеке оқу іс-қызметіне  арналған бөлмелерінен тұрады. Барлық топтар жаңа жиһаздармен, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, көрнекі құралдармен жабдықталған.  Корпустарда топтың бөлмелері; ойын бөлмесі, жатын бөлме, қабылдау бөлмесі, дәретхана, меңгеруші, әдіскер, есепші, медициналық; емшара кабинеті, оқшаулау (изолятор), қабылдау бөлмесі, физиотерапевт кабинеті, логопед, шаруашылық меңгерушісі, қоймашы, пән мұғалімінің кабинеттері, ән-күй, асхана; дайындау цехы, тарату бөлмесі, ас үй ыдыстарын жуу бөлмесі, салқындату камерасы, құрғақ азық-түлік қоймасы, көкөністер қоймасы, кір жуатын бөлме; үтіктеу бөлмелері, таза төсек әбзелдердің бөлмесі  бар. Бөлмелер заманауи талаптарға сай жабдықталған. Балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға толық мүмкіндік жасалған. Әр топқа сай алаң бар. Ойын алаңы безендірілген және қажетті ойын құралдарымен жабдықталған. Қимылды ойындардың өтілуіне сай мүмкіндіктер жасалынған. Балабақша айналасы газондандырылған, көгалдандырылған және қоршалған.

Медицина кабинеті балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен қатар, сауықтыруға арналған медициналық құралдармен жабдықталған.

Жұмыс уақыты: 8.00 – 18.30-ға дейін, 5 күндік.
Күндіз – түні жұмыс істейтін топтар жоқ.
Штатпен толық қамтамасыз етілген.
Бөбекжай-бақшаның ғимараты санитарлық және гигиеналық талаптарға толығымен сәйкестірілген. Бақша бүлдіршіндері жас ерекшелігіне қарай  4 топқа бөлінген.Балабақшада 4 топ жұмыс істейді. Оның ішінде 4 топта  мемлекеттік тілде оқу-тәрбие үрдісін  жүргізеді .
•  Кіші топ (2-3 жас)
• Ортаңғы тобы(3-4 жас)
• Ересек тобы (4-5 жас)

• Мектеп алды топ  (5-6жас)
Оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыратын педагогикалық ұжым жұмыс істейді.
• меңгеруші – 1
• әдіскер – 1
• тәрбиешілер – 6
• педагог- психолог – 1
• музыка жетекшісі – 1

• логопед-1

Бағалау Өлшем шарттары
Back to top button