Бөбекжай-бақша ережелері
Балабақша ережелері
- Бөбекжай-бақша күн тәртібі бойынша таңертеңгі кешкі уақытта баланы ата-анасы алып кету.
- Топта баланың ауыстыратын аяқ киімі болуы керек және баланың балабақшаға таза киіммен келуі.
- Балабақшада баланың киімдерін сақтайтын арнайы сөрелерін ата-аналары ретке келтіріп отыруы керек.
- Балабақшада әрбір балада өзінің жеке тарағы және қол орамалы болуы тиіс.
- Дене шынықтыруға қатысу үшін баланың арнайы дене шынықтыру киімі болуы керек, ол топ тәрбиешісімен және ата-аналарымен келісіледі. Даладағы дене шынықтыру сабағы үшін бөлек арнайы киімдер болуы керек.
- Бала науқастанып келмеген жағдайда немесе демалыста болған жағдайда дәрігерден анықтама алып келуі тиіс (таңертеңгі қабылдау кезінде топ тәрбиешісіне тапсыру керек).
- Балалардың киіміне ата-ананың қалауы бойынша жоғалып кетпеуі үшін немесе басқа балалардың киімімен ауысып кетпеуі үшін белгілер қоюға болады.
- Киім мен аяқ киім ауа райына сәйкес болғаны жөн.
- Қыста және ылғалды ауа райында баланың қосымша құрғақ қолғабы мен киімдері болғаны дұрыс.
- Баланың сөресінде міндетті түрде ауыстыру үшін қосымша құрғақ киімдер тұруы тиіс.